«24 сағаттың ішінде жауап күтемін». Айтбек Амангелді Ермұхамет Ертісбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

14.06.2024, 11:14
694
«24 сағаттың ішінде жауап күтемін». Айтбек Амангелді Ермұхамет Ертісбаевқа қатысты мәлімдеме жасады ашық дереккөзден

Ертісбаев YouTube арнасында Айтбек Амангелдіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді саясаткер Ермұхамет Ертісбаевтан ресми түрде кешірім сұрауын талап етті. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Әңгіме Айтбек Амангелдіге қатысты "қозғалған қылмыстық іс" туралы. Ертісбаев YouTube арнасында Айтбек Амангелдіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.

"Сіздер үшін сенсация емес шығар, бірақ Ертісбаев – өтірікші. Маған қатысты "жалған ақпарат таратқаным үшін қылмыстық іс қозғалғаны туралы" мәлімдемесін көрген боларсыздар. Мен ІІМ және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне жүгініп, маған қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы ақпарат берулерін сұрадым. Жалпы, бұл іс бойынша процессуалды мәртебе бар-жоғын білгім келді. 10.06.2024 жылғы жағдай бойынша "арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес маған қатысты қылмыстық іс жоқ болып шықты. Егер Ертісбаевтың айтқаны рас болса, мені кем дегенде жауап алуға шақыртар еді", – дейді Айтбек Амангелді. 

Айтбек Амангелді Ертісбаев айтқан ақпараттарды теріске шығарып, ресми түрде кешірім сұрауын талап етті.

"Егер олай істемесе оның іс-әрекеттеріне қатысты ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы талап-арыз жіберіледі. Сонымен қатар полицияға арыз жазамын. Қосымша моральдық өтемақы өндіріп аламын. Жалпы, Ертісбаевтан 24 сағаттың ішінде жауап күтемін", – деді Айтбек Амангелді. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды