Гүлмира Сатыбалды ісі: Сотта жәбірленуші үйін қалай тартып алғанын айтып берді

14.06.2024, 13:55
641
Гүлмира Сатыбалды ісі: Сотта жәбірленуші үйін қалай тартып алғанын айтып берді ашық дереккөзден

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот отырысында жәбірленушінің інісі қалай өз мүлікін беруге мәжбүр болғанын айтып берді. 

Жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовтің бауыры Алтай Жүнісов ағасының түрмеде жатқанын үлкен ағасынан естіген. Оған бауырының "Baur Қазақстан" құрылыс компаниясынан ақша ұрлағаны үшін айыпталып жатқанын айтқан. Кейін онымен компания заңгері хабарласып, кездесуге шақырыпты. Кездесуде Жүнісовтердің отбасы мүшелеріне мүліктері туралы мәлімет берулерін, әйтпесе жағдай қиындап кетуі мүмкін екені айтылған. Ер адамның айтуынша, кездесуге Гүлмира Сатыбалдының өзі де қатысып, ағасын босату үшін шарт қойған.

"Сосын маған Казимиров деген біреу телефон соғып, көрсетілген мекенжайға келіп, нотариустың алдында кездесуді өтінді. Қалқаман ықшамауданындағы үйім баламның атына тіркелгендіктен, ол жерге әйеліммен және ұлыммен келдім. Бұған дейін Baur Kazakhstan заңгері Жұмаділда ағамыздың бостандығы үшін мүлкімізді солардың атына жазып беруіміз керек екенін және барлығы шешіліп қойғанын айтқан. Біз келгенде бәрі дайындалып қойған еді. Бұрын менің үйім 100 миллион теңгеге бағаланған, бірақ келісім 50 миллионға жасалған. Маған қол қою ғана қалды. Содан Казимиров қол қойып, үй соған өтті. Ол қолма-қол 50 миллион ақша әкеліп, Baur Kazakhstan президенті Қабеновке берді. Мен одан ақшаны алғаны туралы қолхат жазуын өтіндім. Қолхат пен келісімшарт іске тіркелді", — деді Алтай Жүнісов.

Жәбірленушінің айтуынша, үйді қайта рәсімдеу схемасын Сатыбалданың атынан компанияның адвокаты жасаған. Жүнісовтің ағасының ломбардқа әлі 100 миллион теңге және тағы 9 пайыз комиссия көлемінде қарызы қалған. Алтай Жүнісовтің айтуынша, оларға мүліктерін кепілге қойған бойда ағасын бостандыққа жібереміз деп уәде берген, бірақ олай болмай, жағдай ушығып кеткен. 

Прокурор ер адамның мүлкін кепілге қоюға мәжбүр болғанын полицияға неге шағымданбағанын сұрады.

"Маған бұл сұрақ үнемі қойылады. Біздің бұл адамдармен туыстық байланысымыз болғандықтан шағымданбадық. Гүлмира Сатыбалдыға жаулығымыз болған жоқ. Біз оның айтқанының бәрін орындасақ, бәрі тез бітеді деп ойладық, бірақ іс кері кете бастады. Бұл компания жаңадан ашылғанда Гүлмира Қасым екеумізге жолығып, бірігіп жаңа компания ашамыз деді. Бірге жұмыс істеуді ұсынды. 2011-2019 жылдар аралығында компания жақсы нәтиже көрсетті, тиімді болды, барлық мәселелер мен қарыздар бір күнде пайда болған жоқ", – деді Алтай Жүнісов.

Алтай Жүнісовтің айтуынша, ол кепілге қойған үйін ағасының көмегінсіз өз қаражатына және Baur Kazakhstan компаниясына еш қатысы жоқ табысқа сатып алған. Артынша өз үйін 109 миллион теңге төлеп, үйін қайтарып алуға мәжбүр болған.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген