«Сатқындық пен тексіздікті көрдім»: Нұржан Қалжан өнердегі достарымен неге араласпай кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
14.06.2024, 14:30
1620
«Сатқындық пен тексіздікті көрдім»: Нұржан Қалжан өнердегі достарымен неге араласпай кеткенін айтты жеке парақшасынан

Өнер иесінің сөзінше, кезінде қасынан шықпайтын достары оған сатқындық жасаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Нұржан Қалжан өнерден алыстап кеткен кезде бірқатар досынан айырылып қалғанын айтты. 

Нұржан Қалжан достықтан көңілі қалғанын айтып, басынан өткен жағдайды "Assyltas TV" Youtube арнасына берген сұқбатында баяндады. Өнер иесі жұлдыз болып, кейін өзін менсінбей кеткен досы туралы айтып берді.

"Мына дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам көп болады екен. Сенің сөзің дұрыс болмаса да дұрыс дейтіндер көп болады екен. Сенің ақшаң бар, көлігің бар. Ондай адамдар дұрыс емес жерде де сенің сөзіңді сөйлеп, өзіңе қорғаушы болып кетеді. Мен он жылдай өнерден алшақтап, хит әнім шықпай қалған еді. Бұрынғы Нұржан болмай қалдым ғой. Сол кезде адамдар, қасыңда жүрген достар сенікі дұрыс болып тұрса да, қазір хит болып жүрген жас баланы жақтап кеткен жағдайлар да болды.

Сондай сатқындық пен тексіздікті көрдім. Төбеде болғанда басқа дүниені көрдім. Астыға түскенде мүлдем басқаша болды. "Достың досқа жасаған дұғасы қабыл болады" дейді. Мен өмірімде бір ғана досыма дұға жасадым. Сол дұғам қабыл болды. Бұл жігіт көтере алады деп ойладым. Бірақ құдайдың алдында мен ұятты болдым. Ол жігіт көтере алмады. Мені менсінбей, адам екен демей кетті", - деді Нұржан Қалжан.

 

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті