Отандық «Kazsat» спутниктік топтамасы нығайып жатыр

14.06.2024, 15:58
738
Отандық «Kazsat» спутниктік топтамасы нығайып жатыр Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығын (ҒБО) аралады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) тиесілі «Kazsat» сериялы ғарыш аппараттарын басқарудың екі жерүсті кешенінің бірі.

«Көктерек» ҒБО 2013 жылғы 28 маусымда пайдалануға берілді, ауданы 25 га алып жатыр және қызметкерлердің 31 штаттық бірлігі бар.

В Казахстане планируют укрепить спутниковую группировку «Kаzsat»
Сурет: ҚР ЦДИАӨМ

Министр кешеннің негізгі қызмет бөлігінде – KazSat-2 және KazSat-3 екі байланыс және хабар тарату спутнигін басқарумен, сондай–ақ кәсіпорын қызметінің ілеспе түрлері – жабдықтарды орналастыру және ғарыш аппараттарына сигналдарды көтеру - жерге қону -деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) бөлімімен танысқан.

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев кәсіпорынның ағымдағы жағдайы, шешілетін міндеттері мен даму перспективалары туралы баяндады.

- Қазіргі уақытта KazSat-2 және KazSat-3 байланыс және хабар таратудың екі аппараты бар, олар штаттық режимде жұмыс істейді және екі кешеннен – «Ақкөл» ҒБО және «Көктерек» ҒБО басқарылады. 2026 жылға қарай «Kazsat-2» спутнигінің белсенді қызмет ету мерзімінің аяқталуын ескере отырып, кәсіпорын байланыс желілерін 2029 жылға дейін жұмыс істеуге есептелген «KazSat-3» спутнигіне «жіксіз» ауыстыруды дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде,-деп атап өтті Мәлік Жүйріктаев.

«KazSat-3» спутнигін алмастыру аясында министр әріптестеріне ел үшін ең жақсы шешімді таңдау мақсатында әлемдік ғарыш аппараттарын өндірушілердің ұсыныстарын жедел түрде алуды және талдауды тапсырды.

В Казахстане планируют укрепить спутниковую группировку «Kаzsat»
Сурет: ҚР ЦДИАӨМ

Кәсіпорынның ілеспе қызмет түрлеріне қатысты М. Жүйріктаев бұрын OneWeb компаниясы үшін жер учаскесінің бір бөлігін беру туралы шарт жасалғанын хабарлады. Бүгінгі таңда «Көктерек» ҒБО аумағында OneWeb шлюз станциясының құрылысы аяқталуға жақын.

В Казахстане планируют укрепить спутниковую группировку «Kаzsat»
Сурет: ҚР ЦДИАӨМ

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында «РҒБО» мамандарының күшімен осы станцияға қызмет көрсетуге шарт жасалды, бұл кәсіпорын үшін қосымша табыс әкеледі, деп атап өтті «РҒБО» басшысы.

Министр «РҒБО» АҚ-ға осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды, жаңа клиенттерді тарту үшін ілеспе қызметтерді кеңейту нұсқаларын қарауды тапсырды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды