«Кешірім сұрап, намаз оқып жатыр»: «Меломен» әншісінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтін жариялап жіберді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
14.06.2024, 16:42
2660
«Кешірім сұрап, намаз оқып жатыр»: «Меломен» әншісінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтін жариялап жіберді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

“Бес жыл бойы соққыға жығылдым” деп жан сырын ақтарған “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтінің видеосын көрсетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұрила Ақберен есімді блогер оқырмандарына жан сырын ақтарып, отбасылық өміріне қатысты өз шындығын айтты. Ол соққыдан кейін ауруханаға бара жатқан сәтін бөліскен.

“Мынау қан. Мұрным қатты қанады. Оны бас киіміммен сүрттім. Ернім мен мұрным ісіп кетті. Бетім ауырып тұр. Ол мені ұрды. Сосын кешірім сұрап, қазір мешітте намаз оқып жатыр. Қазір түрім осындай. Мұрнымды түсіріп, тексеріп көрейін деп келдік", – дейді Ғабит Бибасыұлының экс әйелі видеода. 

Сонымен қатар өзін “хайпер келіншек” деп қаралап жатқандарға жауап берді. 

“Маған хайп керек болса, ұрған кезінде шу шығаратын едім. Ажырасып жатқанда айқай салатын едім. Егер осы күнге дейін үндемей келсем, айтып жатқандарым өтірік деген сөз емес. Үндемегенімнің бір-ақ себебі бар – балаларым. Оларға әке керек, әкенің жылуы мен махаббаты керек. Қыздарына әке қорғаныш болмағанда, кім болады? Осы ойлармен ат жібін мен жақтан айқай-шусыз үзіскен едік. Осы уақыт аралығында қаншама жағдайлар болды, бірін де айтпадым, сенесіздер ме?”, – деп жан сырын ақтарды блогер. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды