«Баспана таппай көлікте қонған»: Қарқаралыға көкпарға барған меркілік шабандоздар жол апатынан қаза тапты

Аиса Махамбет Редактор
15.06.2024, 11:50
474
«Баспана таппай көлікте қонған»: Қарқаралыға көкпарға барған меркілік шабандоздар жол апатынан қаза тапты shagyrbay

Қарағанды облысындағы Қарғалы ауылында жаңа мешіттің ашылу құрметіне ұйымдастырылған көкпар жарысынан жеңіспен қайтып келе жатқан меркілік шабандоздар жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапты. Олармен бірге көліктегі жылқылардың бәрі өліп қалған. Қаралы хабарды бірінші болып фотограф Бақберген Шаңғырбай естіртті. Ол Stan.kz тілшісіне 2004 жылғы көкпаршыға қатысты тың деректер айтып, аламан жарыстың қалай өткенін айтқан. Алайда желіде ұйымдастырушылар туралы екіұдай пікірлер тарап, спортшыларға жағдай жасалмағаны айтылды. Споршылардың өліміне демеушілердің қатысы бар ма?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде көкпардан кейін меркілік спортшылар командасынан екі адам Балқаш ауруханасында қаза тауып, төрт адам зардап шеккені жайлы жазылды.

“Қарқаралыда жаңа мешіттің ашылуына орай ат жарысын ұйымдастырушылар өзінің төмен деңгейде екенін көрсетті. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен командаларды шақырды, бірақ қатысушылардың жағдайын жасай алмады. Меркілік жігіттерді бірінші күннен-ақ лашыққа орналастырған. Ақыр соңында олар көліктерінде ұйықтауды шешті. Екінші түні олар түнгі 00:00-ге дейін Қарқаралыдан баспана іздеген. Бұл не? Бүкіл қалада паналайтын жер шынымен жоқ па? Бұл қала тұрғындары үшін де, Қарқаралы билігі үшін де ұят. Қонақтарды бұлай қарсы алмайды”, – деді жазба авторы.

Қарқаралы ауданы әкімінің аппарат басшысы Шыңғыс Қайратұлының айтуынша, 10 маусым күні сағат 09.59 сағат шамасында “Алматы-Екатеринбург” тас жолының 655 шақырымында екі “MAN” автокөлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы болған. Салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі және оның 31 жастағы жолаушысы қайтыс болған. 

“Ауылда Мәби Бәпиұлы атындағы мешіт ашылып, соған байланысты көкпар, атжарыс ұйымдастырылды. Біз аудан болғандықтан Қарағанды қаласынан полиция қызметкерлерін шақырып, жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еттік. Өрттің алдын алу үшін өрт сөндірушілерді, медицина мамандарын шақырдық. Естуімше, көкпарға 11 миллион тігілген. Ат жарысқа, аламан бәйгеге, күреске де ақша тігілді. Түйе балуаны болып, оған түйе тікті. Көкпардан бірінші орын алған адамға – 5 миллион теңге, екінші орынға – 3 миллион теңге, үшінші орынға 1,5 миллион теңге, қалған сомаға кішірігім сыйлықтар берілді”, – деп жауап берді аудан әкімінің аппарат басшысы.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

“Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақпараттық агенттіктерде аталған жол көлік оқиғасы кезінде көліктердің бірінде балалар мен жаттықтырушы болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деп жауап берді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты болып, ауыр жарақат алған екі жолаушы қаза тапқан. Денсаулық мекемесі жол апатына споршылардың жарыстан кейінгі жағдайы әсер етпегенін айтты.

Айта кетсек, фотограф Бақберген Шаңғырбай көз жұмған 20 жастағы жігіт Рауан Нұржанұлы жарыс кезінде фотоға түсіріп, кейін жіберуге үлгермей қалғанын айтты. Ол Қарқаралыдағы жарыстың басы-қасында жүргенін және бәйге көңіл көншітерліктей деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар ол жергілікті блогерсымақтарға үндеп айтып, шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды талап етті.

“Соңғы ойын... Өмірден алған ең үлкен сабағым – пендешілік. Кеше Қарқаралыда өткен екі күндік тойда команда көкпардан Меркі ауданы суырылып алға шықты. Бірінен соң бірін ұтып бірінші орында иеленді. Кешқарайып жолға шықтық, шарғанбыз. Кенет ұялы телефоныма хабарлама келіп, оның даусын шығарып тыңдадым. “Аға, ассалаумағалейкум! Шаршамадыңыздар ма? Шүкір, чемпион болдық! Сізден сұрайын дегенім, суреттерім болса  жібере аласыз ба? Әкем анамды білесіз, келініңіз бар, соларды қуантқым келіп еді” аудиожазба тәмам... Тыңдадым да зілді үн қаттым. Жолда келе жатырмыз, шаршадық. Жеткен соң жіберемін дегендей дөрекілендім. Жол үстіндеміз кенет көлік басқарып келе жатқан ағам “ұлық болсаң, кішік бол. Түсінем шаршайсың. Бірақ өз көңіліңмен жұртты санама” деп айтты. Өзімнің жақсы көретін інім ғой деп жолды жалғастырдық. Елге аман есен келіп шаруаларды реттеп тағы бір күн өтті. Таңертең 07:38-де хабарлама келіп, "Асссалаумағалейкүм аға біз жолға шықтық" деп жіберіпті. “Ронти” қазір суреттерің өңделіп жатыр” деп айттым”, – деп жазба жариялады фотограф.

Фото Аида Жәнібекқызының жеке архивінен алынған

Марқұмның жеңгесі Аида Жәнібекқызының айтуынша, марқұм қайнысы Рауан оған баласындай болған. Ол жаназаға туған анасының келгенін және қандай бала болып өскенін айтып берді.

“Бахытбековтар әулетіне 2010 жылы келін болып түстім. Ол сол кезде жасы 4-те еді. Оны "Ронти", "Роконай, "Точкакөз" деп, көзі кішкентай болғандықтан осылай еркелететін едік (жылап қалды...). Туған анасы жаназасына келіп, кеше ғана кетті. Ол кісі де іш құса болып, жылап кетті. Қайткен күнде де туған анасы емес пе?!. Бала кезден елгезек болып, сабағын 4 пен 5-ке оқыды. Түрлі жарыстарға қатысып, мектептің, облыстың мақтанышы болып жүретін. Туған үш балам болса, ол менің үлкем баламдай болып тәрбиеленді. Өз ортасында көңілді, ашық-жарқын жігіт еді. Жаназасына көп адамдар келді. Ал кеше бір қыз келіп көңіл айтып кетті. Дос-жарандары арасында абыройлы еді”, – деді марқұмның жеңгесі.

Фото Аида Жәнібекқызының жеке архивінен алынған

Ұлттық спорт федерациясының баспасөз қызметінің өкілі Мұхтар Өміртай Қарқаралыда өткен жарыс жаппай көкпар екенін, бюджет тарапынан қаржыландырылмағанын атап өтті. 

“Біздің өзіміздің ұлттық командалық көкпарымыз бар. Мемлекет тарапынан қаржыландырылғандықтан, қауіпсіздік ережелері сақталады. Арнайы логистика ұйымдастырылады. Ал жаппай көкпарда арнайы төреші де болмайды. Бұл халық арасында ұйымдастырылатын ойын. Мұндай қайғылы жағдайлар болмас үшін жаппай көкпарларға шектеу қойылуы керек”, – деп жауап берді ұлттық спорт федерацияның өкілі.

Фото Аида Жәнібекқызының жеке архивінен алынған

5 баланың анасы Тоқаевтан көмек сұрайды: экс-полицей күйеуім 12 жыл бойы ұрып, қазір қысымға алды (ВИДЕО) Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп 100 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінген Туыстарына 4 млрд теңге аударған: Жетісайда білім бөлімінің 41 шенеунігі тергеліп жатыр Нархоз университетіне Тұрар Рысқұловтың есімі қайтарылады Қазақстандық фермерлер 2024 жылы 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алған Абай облысында үлкен қойма өртке оранды «Бәсе» арнасының авторына қастандық жасағандардың бірі ұсталды – Бас прокуратура Ақтөбелік 54 жастағы азамат әйелін ұрғаны үшін үш жылға сотталды «Әкесі – неміс, анасы – қазақ»: Димаш Құдайберген жүзік таққан бойжеткеннің кім екені белгілі болды Алматыдағы сейсмология институты қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберілген «Жұлдыз бекер ауырып жатқан жоқ»: әйелі сырқаттанған Қайрат Нұртас сынның астында қалды Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылды — ІІМ Қазақстан жалақы бойынша екі жүзге жуық елдің ішіне 80-орында тұр Республика бойынша жел күшейіп, 6 өңірде күн қатты ысиды - Қазгидромет Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынды «Күйеулерін масқаралайтындар көбейді»: Сара Тоқтамысова отбасылық жанжалға тек еркекті кінәлауға болмайтынын айтты «Далаға қуып шыққан»: Айгүл Сайлыбаеваның құрбысы оған күйеуінің көрсеткен қорлығы туралы айтып берді "Жедел жәрдем шақырттым": Мөлдір Әуелбекова денсаулығы сыр бергенін айтты (фото) "Арақ-шараптың бәрінде ою бар": KeshYOU тобының менеджері "ұлтымызды қорлады" дегендерге жауап берді «Қазақстан билігіне оның не қажеті бар»: Бәпи журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы айтты