Кореяда Астана мемлекеттік қызмет хабының корей орталығы құрылмақ

15.06.2024, 13:05
761
Кореяда Астана мемлекеттік қызмет хабының корей орталығы құрылмақ

Екі тарап меморандумға қол қойды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Корея Республикасы Президенті делегациясының Қазақстанға ресми сапары аясында Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов пен Корея Республикасы Персоналды басқару министрі Ким Сын Хо Кореяда Астана мемлекеттік қызмет хабының орталығын құру бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Меморандум - екі тарап арасындағы ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық нәтижесі. Кореядағы Астана мемлекеттік қызмет хабы орталығы қызметі ынтымақтастық шекараларын кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибелерді таратуға бағытталады.

Тараптар осы келісім екі елдің де өркендеуі мақсатында мемлекеттік қызметтің тиімді дамуына ықпал ететін жаңа кезең болатынын атап өтті. Бұл бастама персоналды басқару саласында инновацияларды енгізу мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз ете отырып, жаңа перспективаларға жол ашады.

Меморандумға қол қоя отырып, Алихан Байменов Хаб «Министрліктің Кореяда Хаб орталығын құру туралы бастамасын, бір жағынан біздің атқарған жұмысымызға, екінші жағынан Хабтың мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту әлеуетіне берілген жоғары баға» деп қарастыратынын айтты.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды