«Жыладым»: Нұрболат Абдуллин өзіне хит ән жазып берген ақынға мардымсыз ақша берген (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
15.06.2024, 15:15
2164
«Жыладым»: Нұрболат Абдуллин өзіне хит ән жазып берген ақынға мардымсыз ақша берген (ВИДЕО) ашық дереккөзден

Ақын Нұрболат Абдуллин орындайтын «Сен қорқақсың» әні үшін небәрі 20 мың теңге алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Бесбаев орындап жүрген әндерге, сонымен қатар Нұрболат Абдуллин айтатын “Сен қорқақсың” және  “Ұлыма тілек”, “Еркекпін мен” әндеріне сөз жазған ақын Ершат Қайболдин бүгінде қара жұмыс істеп жүр.

Айтыскер ақын “Уақыт көрсетеді” арнасына сұхбат беріп, өнер өкілдеріне реніші бар екенін жасырмады.

“Талай қазақ әншілердің бағын аштым деп ауыз толтырып, кеуде керіп айта аламын. Бірақ бір жаман жерім, қай әнге сөз жазғанымды тез ұмытып қаламын. Көшеден жұрт танып, “Мына әннің сөзін сен жазған жоқсың ба?” деп айтқанда ғана есіме түседі. Мақпал Жүнісова орындайтын “Күліп жүр, күлдіріп жүр, күлкі болма” деген ән қазіргі тойдың хиті екен. TikTok әлеуметтік желісі шыққалы ескі әндер жаңарып, қайта тіріліп жатыр екен. Осыдан 5-6 жыл бұрынғы жазылған әндеріме видео түсіріп жүргендерін көрдім. Осы күнге дейін қаншама әншілермен жұмыс істесем де, “гонорарымды дұрыстап бересің” деп келіскен емеспін”, – дейді ақын. 

Ақын Нұрболат Абдуллин орындайтын “Сен қорқақсың” әні үшін 20 мың теңге ғана алған. Оны да ән хит болған соң беріпті.

“Нұрболат Абдуллин орындайтын “Сен қорқақсың” әні үшін 20 мың теңге алдым. Бірден берген жоқ. "Хит болып кетсе, беремін, еңбегіңді жемеймін" деді. Бұл тойларға шығып, хит болғаннан кейін берген ақшасы. Жыладым. Адал еңбегімнің ақысын алғым келеді. Ақша табу үшін дәретхана тазалаудан да арланбаймын", – дейді ақын. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды