«Оттың жалыны күш алып тұр»: Роза Әлқожа қонақүйде оқыс оқиғаға тап болды

Аиса Махамбет Редактор
15.06.2024, 16:42
3459
«Оттың жалыны күш алып тұр»: Роза Әлқожа қонақүйде оқыс оқиғаға тап болды жеке парақшасынан

Танымал әнші Роза Әлқожа Қарағанды қаласында тоқтаған қонақүйінің өртке оранғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі таңғы 5-те қонақүй өртке оранғанын айтты. 

“Таңғы бесте Қарағандыға жетіп, ылғи түсетін қонақүйге келсек, түтіндеп жатыр екен. “Қыздар” деп айқайлап ем, қыздар дереу шықты. Содан өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды оятып әбігер басталып кетті. Көмекшім иіс шығып жатқан бесінші бөлменің барып есігін ашып көрейін деп қояды. “Жоқ” дедім. Мына иіс оңай емес, демек от кәдімгідей күш алып тұр. Сен ашсаң атылуы мүмкін” деп бастым. Ресепшндегі қызға “счетчикті” сөндіруін өтіндік. Өрт сөндірушілер де көп ұзамай жетті. Көліктерді алғызып, күзетші құсап алаңдап жүрміз. Дәл сол өртенген қабаттың үстінде бүгін тойы болатын екі жас бар екен. Фотосессия жасауға келген. Таңғалып оянып, тәубасын айтып жатыр. Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда бөлмелерге де әсері тиген екен… Ал мен соның жанынан бөлме алған ем… Көз алдымызда өрт те, оның иісі де күшейіп жатты. Дәл осы уақытта Қарағандыға жеткізіп, сәл кешіктірмей қонақүйге кіргізіп тұрған құдай қандай шебер?! Бізді де бір бәледен сақтап тұр ғой сонда?! Жол жүріп кеше де, бүгін де ұйықтамаған адам, жүрек тарсылдап, біраз уақытқа дейін басыла алмадық”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің амандықтарын тілеп, меймандарды аман алып қалғанын жарыса жазып жатыр. 

“Сіз бармағанда адамдар тірі қалар ме еді?”, “Құдай бар тілегеніңізді берсін!”, “Ауа райы қолайсыз болып, найзағай түскен шығар”, “Қауіп-қатерден сақтасын!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)