Путин Украинадағы соғысты тоқтатудың шарттарын атады

15.06.2024, 17:16
730
Путин Украинадағы соғысты тоқтатудың шарттарын атады sputnik

Путин Швейцариядағы бейбітшілік саммиті қарсаңында Украинадағы соғысты тоқтатудың шарттарын атады.

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келіссөздерді бастаудың екі негізгі шартын атады.

Ол Донецк, Луганск, Запорожье аумақтарынан, Херсон облыстарынан украин әскерлерін шығару шартын қойды. Сонымен қатар Киев НАТО-ға кіруден бас тартуы қажет екенін айтты.

"Киев дайын екенін мәлімдеп, әскерлерін Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының аумақтарынан нақты шығаруға кіріскенде, сондай-ақ НАТО-ға кіруден бас тартқанда, біз дереу атысты тоқтатуға бұйрық береміз және келіссөздерді бастаймыз", – деді Путин.

Сонымен бірге, ол Украина әскерлері бұл аймақтардың аумақтарынан толығымен кетуі керек екенін ерекше атап өтті. Бірақ белгілі болғандай, Ресей әскерлері оларды ішінара ғана басқарады.

Қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы келісімдер халықаралық шарттарда тіркелуі керек, сонымен қатар Ресейге салынған барлық санкциялар алынып тасталуы керек. Бұл жағдайда Украинадағы қақтығыс тоқтап қана қоймай, ақыры аяқталады деп сендірді Путин. Ол украин әскерлерінің аумақтан қауіпсіз түрде шығарылуын қамтамасыз етуге уәде берді.

"Путиннің атысты тоқтату туралы ұсынысы – ультиматум, оған сенуге болмайды. Бұл 100 жыл Гитлердің айтқандарына ұқсайды”, – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Оның пікірінше, Путин атысты тоқтату туралы талаптары орындалса да, әскери шабуылды тоқтатпайды.

Украина сыртқы істер министрлігі де оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Швейцариядағы бейбітшілік саммиті қарсаңында мұндай сигналдарды беру арқылы Путиннің бір ғана мақсаты бар - әлем көшбасшылары мен елдерінің осы саммитке қатысуына жол бермеу. Путиннің мәлімдемелерінің саммитке бір күн қалғанда пайда болуы Ресейдің шынайы бейбітшіліктен қорқатынын көрсетеді", – делінген Украина СІМ мәлімдемесінде.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты