Қуаныштың көз жасы: ҰБТ-дан жоғары балл алған балалардың видеосы елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
16.06.2024, 14:30
680
Қуаныштың көз жасы: ҰБТ-дан жоғары балл алған балалардың видеосы елді сүйсінтті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде ҰБТ тапсырып шыққан талапкерлердің әсерін көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кейбір жасөспірімдерді жақындары қолдап келген. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жазды. 

Ғылым мен жоғары білім министрлігі талапкерлердің ҰБТ-дан кейінгі әсерін Instagram-дағы ресми парақшасында көрсетті.

Бейнежазбада бірнеше жасөспірімнен сұқбат алған. Олардың біреуі 134 балл алса да, нәтижесіне қанағаттанбаған. Ол бұдан да жоғары балл алуға мүмкіндігі болғанын айтты. 134 балл алған тағы бір түлек қуанышын жасыра алмай, бірден анасына қоңырау шалды. 

"134 балл? Жаным, жаным айттым ғой. Мен білдім ғой (ред.мыс - жоғары балл алатыныңды)", - деді анасы.

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру маусымы көптеген жарқын эмоциялар мен ұмытылмас сәттерді сыйлайды. Оны тестілеуді тапсырған талапкерлердің шынайы әсерлерінен байқай аласыздар. Талапкерлердің айтуынша, өз мақсатына табандылықпен ұмтылып, жүйелі жұмыс жасағандар нәтижелерінің жемісін көруде", - деп жазылған министрліктің Instagram-дағы парақшасында.

Ғылым мен жоғары білім министрлігі ҰБТ 5 шілдеге дейін, ал ТЖ режимі жарияланған 6 өңір үшін (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) 12 шілдеге дейін жалғасатынын еске салды.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады