Психикалық ауытқуы бар адам қалай алты баланы асырап алған – Балалардың құқығын қорғау комитеті жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
16.06.2024, 17:18
868
Психикалық ауытқуы бар адам қалай алты баланы асырап алған – Балалардың құқығын қорғау комитеті жауап берді бейнежазбадан алынған кадр

Шымкентте психикалық ауытқуы бар адам алты баланы асырап алып, оларды азаптап, нәжіспен тамақтандырған. Балалардың құқығын қорғау комитеті ауытқуы бар адамның қалай бала асырап алғанына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте ер адам асыранды балаларды азаптаған екен.

“Алты баланы бұл азамат өзінің отбасында тәрбиелеген. Екеуі асырап алынған, қалған төртеуі қамқоршылық, қорғаншылық органдарында. Баланы осы отбасыға орналастырғанда, оның құжаттары талапқа сай толық болды. Бала құқығын қорғау комитеті қазір бұл мәселені тексеріп жатыр”, – деді оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Сұмдық жайтты бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

Балалардың үлкенінің сөзінше, ер адам оларды ит-мысықпен бірге ұстап, жануарлардың зәрін ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған.

“Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әлі аяқталған жоқ. Балаларды асырап алу немесе оларға қорғаншылық, қамқоршылық тағайындау кезінде комитет қызметкерлері қателік жібергені анықталса, олар жазасыз қалмайды”, – деді балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілі.

Мамандар қорғаншы және қамқоршы органдарының қызметін күшейтетін заң жобасы мәжілісте талқыланып жатқанын айтты. Қазір елде қамқоршы органдарда 400 адам еңбек етеді. Оның санын көбейту сұралып отыр. Мәселен Шымкентте 450 мың баланың тұрмыс жайын қадағалауға небәрі бес қызметкер жауапты.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады