«Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады»: әнші Жеңіс Ысқақова тойдағы жағдай туралы айтты

17.06.2024, 09:03
2382
«Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады»: әнші Жеңіс Ысқақова тойдағы жағдай туралы айтты Бейнежазбадан

Әнші Жеңіс Ысқақова тойдағы жағымсыз жайт туралы сөз қозғады.

Тойда әншілер ыңғайсыз жағдайға жиі тап болатынын жеткізді.  

Aikyn.kz хабарлауынша, өнер иесі ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында концерт пен тойдың өз орны бар екенін айтты. Сонымен қатар тойда әншілер ыңғайсыз жағдайға жиі тап болатынын жеткізді.

"Тойға барамын. Туғаным, туысқаным шақырады. Әнші болған соң әу деп әніңді айтасың. Бірақ менің әнім тойға көп келе бермейді. Таза тойдың әні бар. Қазір менен кейінгі жас балалар болсын, тек тойға жұмыс істейтін болды. «Тойға да келетін сол көрермен ғой. Неге тойдың әншісі бөлек» деп айтасыз» дейді. ...Тойдағы басқа көрермен. Біз той адамының көңілін көтереміз. Оның рөлі басқа. Соны айтсам адамдар түсінбейді. Мәдениетсіздеу қонақтар болады екен. Әніңді айтып тұрсаң, "Ее, Жеңіс, бері келші, суретке түсіп алайық" дейді. Менің оның сыныптасымын ба?! Менен он жас кіші жігіт. Мүмкін мен жас көрініп, қарындасы деп ойлап тұрған шығар. Бірақ мен кіші болайын, болмайды ғой, мен ән айтып тұрмын, жұмыс істеп тұрмын. Ол менің әнімді тыңдаудың орнына қолымнан тартып суретке түскісі келеді. Кейбіреулері бетіңнен сүйгісі келеді. Сахнада тұрсаң бетіңнен сүймейді ғой, қолыңнан жұлқылап суретке түспейді. Әрине, барлығы емес.  Сондайдан қашамын. Ал сахнада олай істей алмайды. ...Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады. Болмайды, мәдениетсіздік қой. Мен біреудің анасымын, біреудің келіншегімін. Неге мені ішіп алған жігіт келіп, бетімнен былшылдатып сүйе беруі керек?!" - деді әнші. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)