Астанада ШЫҰ елдерінің энергетика министрлері кездеседі

17.06.2024, 17:16
635
Астанада ШЫҰ елдерінің энергетика министрлері кездеседі Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер министрлерінің бірнеше кездесуі өтетінін айтты.

«21 маусымда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерінің Энергетика министрлерінің кездесуі өтеді. Энергетика ведомстволарының басшылары Қазақстанның бастамасымен әзірленген ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын қарастырып бекітеді», - деді министрліктің ресми өкілі.

Оның айтуынша, кездесу аясында делегация басшылары энергетикалық ынтымақтастықты ШЫҰ форматында дамытудың стратегиялық тәсілдерін талқылайды.

Сондай-ақ, Айбек Смадияров 20 маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және техника ведомстволары басшыларының, Көлік министрлерінің онлайн бейнеконференция форматындағы кездесулері өткізілетінін айтты. Бұл екі іс-шара да Қазақстан бастамасымен ұйымдастырылмақ.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды