Қазақстанда көлікті қайта тіркеу процесі жеңілдеді

17.06.2024, 19:18
618
Қазақстанда көлікті қайта тіркеу процесі жеңілдеді canva.com

Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын.

Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады. Ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады.

Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі.

«Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және «ҰАТ» АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес», - делінген мемлекеттік корпорация хабарламасында.

Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.

Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процесстің аналогы eGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.

Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау осы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды