Ауыл мектептеріне Starlink интернетін орнатуға қанша қаржы жұмсалды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ауыл мектептеріне Starlink спутниктік интернетін орнатуға қанша қаржы жұмсалғанын айтып берді.
«Әр мектепке орнатылған жабдық пен абоненттік құрылғы 2,5 мың доллар тұрады. Тариф – айына 145 мың теңге», - деп хабарлады ЦДИАӨМ телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Үкіметік брифингінде.
Бұған дейін Қазақстанда жыл соңына дейін 2 000-ға жуық мектеп Starlink интернетіне қосылатыны хабарланған болатын.
Одан басқа OneWeb технологиясы елімізде байланыс станциясын орнатып жатыр. Олар 2025 жылдың басында осы қызметтерді коммерциялық негізде ұсына алады.