"Баламен қорқытты": марқұм Айгүл Сайлыбаеваның күйеуімен не себепті ажыраса алмағаны белгілі болды

18.06.2024, 15:54
750
"Баламен қорқытты": марқұм Айгүл Сайлыбаеваның күйеуімен не себепті ажыраса алмағаны белгілі болды бейнежазбадан

Қанат Сайлыбаев күйеубаласының бір жерде тұрақтай алмайтындай көрінгенін жасырмайды.

Германияда із-түзсіз жоғалып кетіп, өлі табылған қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның бауыры ерлі-зайыптының отбасындағы жағдайлар туралы мүлде білмегенін айтты. Сондай-ақ марқұм күйеуі сабаған соң, денесіндегі жарақаттарын суретке түсіріп, құрбысына жіберіп отырған.

Қанат Сайлыбаев күйеубаласының бір жерде тұрақтай алмайтындай көрінгенін жасырмайды. Айгүлдің отбасы қаладан бөлек, аз уақыттың ішінде бірнеше елге қоныс аударып үлгерген.

“Олар Қазақстаннан көшіп кеткен соң Мәскеу қаласында тұрды. Кейін Германияның Лейпциг қаласына, одан соң Бенсхайм қаласына көшіп кетті. Былтыр Америка Құрама Штатындағы Майами қаласында тұрды. Кейін қайта Бенсхаймға қоныс аударды. Қазір байқап қарасам, аз уақытта олар бірнеше рет қала, ел ауыстырып, көшіп-қонып жүрген. Александр Донцов бір орында тұрақтай алмайтын сияқты болып көрінді. Мүмкін біреуден қашып жүр ме екен?! Оның қанша азаматтығы бары бір Құдайға ғана аян. Ол өзінің отбасылық өмірінің жағымсыз тұстарын көп әңгіме қылмайтын. Біз ол туралы мүлдем білмедік. Ол отбасын жақсы, үлгілі жағынан көрсеткісі келген болар. Күйеуі мен оның анасын сөзге қалдырмас үшін көп нәрсені бұғып қалатын”, – дейді Айгүлдің ағасы.

Айгүл Сайлыбаева денесіндегі жарақатты суретке түсіріп, тек құрбысына жіберіп отырған. Соққы іздері көбіне басында болған. Марқұм құрбысына енесінің ашушаң адам екенін айтқан. Бірде енесі Айгүлді итеріп жібергенде ол басын қабырғаға қатты ұрып алған. Кейін тіпті тұншықтырмақ болған. 

Айгүл Қазақстанға соңғы келгенінде отбасындағы жағдай туралы сіңлісі Жұлдызайға айтып берген. Марқұм күйеуімен ажырасқысы келген, алайда оны баласымен қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткен.

“2024 жылдың 6 ақпанына дейін Айгүлдің жағдайы жақсы деп ойладым. Бірақ екеуміз кездескенде ол күйеуі Александр Айгүл мен қызының барлық құжаттарын тартып алып, үйден тыс жерге жасырғаны туралы білдім. Ол Айгүлге қызымен бірге үйден шығуға және жақындарымен сөйлесуге тыйым салған. Александр Айгүл артық әңгіме айтып қояды деп қорыққан. Мен оған Қазақстанда қалуға кеңес бердім. Бірақ ол қызы үшін Германияға қайту керегін айтты. Мұнда қызымен қалса күйеуі Германия полициясына оның бала ұрлағаны туралы айтып, арыз беруі мүмкін екен. “Жалғыз өзің ұшуға қорықпайсың ба?” деген сұрағыма Айгүл барлық нәрсені білетінін және оған айтарлықтай ештеңе істемейтінін айтты”, – дейді Жұлдызай Абудбаидова. 

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды