Павлодарлық полицейлер иісшіл иттердің көмегімен 80 қылмысты ізін суытпай ашты

20.06.2024, 10:52
638
Павлодарлық полицейлер иісшіл иттердің көмегімен 80 қылмысты ізін суытпай ашты Павлодар облысы полиция департаменті

Өңірдегі 25 қылмыстық оқиға есірткіге қатысты болған. Иісшіл иттер қылмыскерлерді ұстап қана қоймай, қару-жарақ пен есірткі қоймаларын іздеп тапқан.

Павлодар облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы қылмысқа қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттерін сауатты және барынша тиімді пайдаланып отыр. Қызметтік иттер қоғамдық тәртіптің сақталуына қатысып, қылмыскерлерді ұстау, қару-жарақ пен есірткі қоймаларын іздеу іс-шараларына жұмылдырылады.

«Қазіргі уақытта орталықта 28 иісшіл ит қызмет атқарады. Әр иттің өз міндеті бар. Ақылды жануарлар іздестіру жұмыстарынан бөлек, есірткі, жарылғыш заттарды іздеуге маманданған, полицейлермен бірге облыс орталығының көшелерін патрульдейді. Күн сайын полицияға түрлі шақырулар келіп түседі. Көбі ұрлық, тонау, адамдардың жоғалуына қатысты. Біздің қызметкерлер дереу оқиға орнына барып, иісшіл иттермен қылмыскерді жедел табуға тырысады. Олар да адам сияқты бәрін сезеді, өзінің қызметтік міндетін толықтай орындағанша кәдімгідей уайымға салынады», - дейді кинологиялық қызмет орталығының бастығы Нияз Валиев.

Мамандардың айтуынша, егер адам иттерді шынымен ұнатпаса, олармен толық жұмыс істей алмайды. Жануарларды командаларды орындауға үйрете алғанымен арасында байланыс болмайды. Ал кинолог пен ит – бір команда. Олар бір-бірін түсініп, сезінуі керек. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды