Сенат Қытайға автомобиль жүк тасымалын дамытуға арналған құжатты мақұлдады

20.06.2024, 11:41
545
Сенат Қытайға автомобиль жүк тасымалын дамытуға арналған құжатты мақұлдады Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

 

Заң Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялауға бағытталған. Келісім 2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында жасалған. 

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметіне қарағанда, құжаттың мақсаты – Келісім тараптарының аумақтары арқылы автомобиль жүк тасымалдарын ілгерілету, автомобиль көлігінің қазіргі заманғы жүйелерін дамыту, ақпараттық технологияларды ендіру, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Келісімде жолаушылар мен жүк тасымалы мәселелері, көлік құралының жүруіне рұқсат беру әрі одан босату шарттары, жүргізушілер мен көлік құралына қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру, салық салу және өткізу пункттерінде бақылау мәселелері регламенттелген.

Заң ақпараттық технологияларды ендіру, тасымалдау жағдайларын жетілдіру және Келісім тараптарының аумақтары арқылы автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады