888

«Жолаушылар тасымалы» АҚ директоры қандай жағдайда билет құны екі есе өсетінін айтты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов еліміздегі темір жол билетіне қатысты ахуалға пікір білдірді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ директоры қандай жағдайда билет құны екі есе өсетінін айтты
canva.com
 

Бүгін Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдері компания басшысынан: «Министр (Көлік министрі) бағыттарға субсидия берілмесе, онда билет бағасы 3 есе қымбаттайтынын айтқан еді. Қазақстанда мұндай қанша бағыт бар?», - деп сұраған еді.

Ол бүгінде жолаушылар тасымалы саласы мемлекет есебінен субсидияланатынын айтты.

«Билет бағасы егер қала маңы қозғалысын алатын болса, онда ол бүгінде шамамен 600-700 теңгеден 3 мың теңгеге дейін болады. Ал, стандартты пойыз бағасы 2,5 мыңнан бастап 20 мың теңгеге жетеді. Егер мемлекет бізге толықтай көмектеспесе, субсидия бермесе, онда билет бағасы барлық бағытта 2 есе қымбаттайды. Бүкіл әлемде жолаушылар тасымалы шығынға батады. Тек Жапонияда ғана халықтың тығыздығына, жерінің шағындығына байланысты табыс табады», - деді Жәнібек Тайжанов.