«Тастан кісі өлтірген жоқ»: Дулат Исабеков «Гауһартастағы» Салтанат пен марқұм Салтанат Нүкенованы салыстыратындарға жауап берді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
20.06.2024, 16:40
923
«Тастан кісі өлтірген жоқ»: Дулат Исабеков «Гауһартастағы» Салтанат пен марқұм Салтанат Нүкенованы салыстыратындарға жауап берді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, жазушы, драматург Дулат Исабеков әйелін ұрып өлтірген экс-министрдің әрекетін талқылады. Бұл туралы Stan.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жазушы Kultobe podcast арнасында «Гауһартастағы” Салтанат пен күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм Нүкенова Салтанаттың тағдырын баяндап берді. 

«Достоевскийдің: «Бір адамның бойында жауыздық пен ізгілік қатар отырады» деген сөзі еске түседі. Элиталы отбасында дүниеге келіп, қызметте істеген әке-шешеден тәрбие алған баланың сондай жауыздыққа барғанына сене алмаймын. Әлі күнге дейін ол тақырыпта әңгіме қозғау кімге болса да ауыр тиеді. Ішкені алдында, ішпегені артында өскен бала еді. Өзі де білімді, соның арқасында белді қызметтерде істеді. Әйелің ұнамады ма, ажыраса сал. Сол да қиын болып па?! Өлімші етіп сабап, қорлап не көрінді?! Әйелін өз қолымен о дүниеге аттандырды. Өзінің өмірін де быт-шыт қылды. Енді 24 жылы темір торда өтеді. Айтуға өте қиын», – деп күрсінді жазушы. 

Жазушының айтуынша шығармасындағы Салтанат пен марқұм Салтанат Нүкенованың арасында ешқандай байланыс жоқ екен.

«Өзім де оқырмандардан қос Салтанатты салыстырып жатқанын естідім. Бірақ екеуі екі басқа әлем. Менің кейіпкерім таудың ішінде отырған шопандар еді. Қазіргі қоғамдағы Салтанат зиялы отбасының өкілі. Тастан – жәй ғана шопан. Бишімбаев – министр. Бірақ Тастан кісі өлтірген жоқ. Оның табиғаты сондай адам. Ол ешкімге жақсы көремін деп сезімін білдіре алмайды. Бірақ Салтанатын жақсы көрді. Мына сөзінен-ақ оның болмысы қандай адам екенін көруге болады. Салтанат ауырып жатқанда: «Әлі жатсың ба?» дегені «Қалың қалай, тәуір болдың ба» дегенмен бірдей. Міне, Тастанның болмысы. Әйелдің жақсы немесе жаман болуы еркекке байланысты. Жақсы еркектен әйел ешқашан қашпайды. Соны түсіну керек», – дейді қоғам қайраткері. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды