Көз жасымды тыя алмадым: Алтынбек Қоразбаев "Қара шал" толғауының шығу тарихын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
20.06.2024, 18:11
1583
Көз жасымды тыя алмадым: Алтынбек Қоразбаев "Қара шал" толғауының шығу тарихын есіне алды ашық дереккөзден

Халық әртісі “Хабарlike” бағдарламасында қонақта болып, жүрегіне әсер еткен оқиғасын бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ел аузында жүрген хит әндердің авторы, композитор Алтынбек Қоразбаев халыққа кеңінен таралған толғауының шығу тарихын баяндап берді.

“Қара шал” деген толғауымның жарыққа шыққанына – 37 жыл. Одан әрісі толғауларыма 40 жылдың көлемі болды. Бұл – өмірден алынған толғау. Ұзақ болса да қысқаша айтып берейін. Осыдан он жылдай бұрын ғой деймін, мені “Хабар” арнасына қарттар үйі туралы қонаққа шақырды. Сонда Алматыдағы Момышұлы көшесіндегі қарттар үйінен бірнеше азаматты алып келді. Мен домбырамен "Қара шал" әнін орындауым керек. Журналист жігіт бір асқақалға сұрақ қойды. "Аға, үш балаңыз бар екен. Сіз неге мұнда жатсыз?" деді. "Ай, қарағым-ай, екі қызымның біреуі тұрмысқа шығып кетті, бір қызым аурушаң болды, ауруханадан көз ашпайды. Ал ұлым полковник деген дәрежеге дейін көтерілді. Қара басып, әйелінен ажырасты. Менің кемпірім қайтыс болып кетті. Жалғыз балам күндіз-түні арақ ішті. Қайтемін?! Осы жаққа әкеліп тастады, қарайтын ешкім жоқ. Жасым 80-ге жақындап қалды" деп боздап жылап отыр. Сонда журналист "Зейнетақы картаңызды неғыласыз?" деді. "Балама беремін" деді. "Балаңыз арақ ішсе, оған неге бересіз?" десе, "Шырағым-ау, сол балам жүрегіңді бер десе, жұлып бере қоямын" деді. Мен боздап көзімнен жас ағып кетті. Залда отырып, көзімнің жасын тыя алмадым. Көңілім босағандықтан әнімді де дұрыс айта алмадым. Қандай тағдырдың тауқыметі?! Осындай мысал әңгіме көп", – деп өткенді есіне алды композитор. 

Айтуынша, халыққа кең таралған толғаудың арқасында ата-анасымен табысып, оларға қарайласып отырған бала көп көрінеді. 

“Жамбыл облысында тағы бір шалмен кездестім. Жылап отыр. Жалғыз баласы ішкілікке салыныпты. Арақ деген азапты өмірге әкелетін дүниеге жоламау керек. “Еліме сүйегімді апарып жерлейтін адам жоқ” деп боздағанда, сай сүйегің сырқырайды. Осындай ауыр оқиғаларды естімей тұра алмадым. Бірақ “Қара кемпір”, “Қара шал” шыққаннан кейін, беті бері қарап, қарттар үйінен әке-шешелерін алып кетіп жатқан жастарды да естідім. Шын қуандым. Менің әнім жүрекке жетіп жатса, одан сайын шабыттанасың ғой”, – деді халық әртісі.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті