«Қонақүйге айналмақ»: Өскеменде Даниал Ахметов тұрған Назарбаевтың резиденциясы сатылымға шығарылды

21.06.2024, 10:59
730
«Қонақүйге айналмақ»: Өскеменде Даниал Ахметов тұрған Назарбаевтың резиденциясы сатылымға шығарылды ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовке тиесілі болған Өскемендегі резиденция қонақүйге айналмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, электронды сауда сайтында Өскемендегі Үлбі өзенінің бойында орналасқан екі қабатты диспансерлік ғимаратты сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша аукцион туралы ақпарат пайда болды. 

Өтініштер 3 шілдеге дейін қабылданады. Нысанның бастапқы бағасы 1 миллиард 115,8 миллион теңге екені көрсетілген. Аукционға қатысуға ниет білдіргендер 167,3 миллион теңге кепілдік жарнаны ұсынуы тиіс.

Құжаттамада көрсетілген диспансердің ауданы шамамен 3180 шаршы метр. Оған Дресвяный аралындағы ауданы 331 шаршы метр қонақ үй, шаруашылық блогы, сорғы станциясы және басқа да ғимараттар кіреді.

Фото: E-auction.gosreestr.kz

"Резиденцияны" сенімгерлік басқаруға алғысы келетін адам оның негізінде "туристік-инвестициялық хаб" құруы керек. Ғимаратты қайта құру жоспарында мейрамхана, бассейн, спорт алаңдары, конференц-залдар, қонақ үй және сауда павильондары бар туристік орталық құру қарастырылған. Осы жұмыстардың барлығында нысанды сенімгерлік басқаруға алатын кәсіпорын кемінде 25 тұрақты жұмыс орнын ашады. Инвестор үш жыл ішінде "туристік хабты" дамытуға кемінде 800 миллион теңге, оның ішінде бірінші жылы 400 миллион теңге инвестициялайды.

Мүлікті бағалау есебіне сәйкес, диспансердің бас ғимаратының құны 907,5 миллион теңгеден асады. Шығыс Қазақстан билігі туристік орын үшін сұрап отырған қаржының қалған бөлігі қосалқы құрылыстарға, стансаға, су мұнарасына және басқа да қосалқы нысандарға тиесілі болады.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды