Атырауда автотұрақта қарияны аяусыз өлтірген күдікті бұрын да адам ұрып, мерзімінен бұрын жазадан құтылып кеткен (ВИДЕО)

21.06.2024, 11:28
1098
Атырауда автотұрақта қарияны аяусыз өлтірген күдікті бұрын да адам ұрып, мерзімінен бұрын жазадан құтылып кеткен (ВИДЕО) ашық дереккөзден

Адам өлтірді деген күдікпен ұсталған Мұхтар Ахмедов төрт жыл бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны белгілі болды. Айыпталушы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартылған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, зейнеткерді аяусыз ұрып өлтірген жігіт қылмысын екі жылдан соң қайталады.

"Атырау қаласының 2020 жылғы 18 маусымдағы №2 сотының үкімімен Мұхтар Ахмедов Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотталды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.

Мәліметтерге сүйенсек, Атыраудағы пробация қызметі рақымшылыққа байланысты негізгі жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныспен сотқа жүгінген. 

Атырау сотының 2022 жылғы 20 қаңтардағы №2 қаулысымен Атырау қаласы пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды. Сотталған Ахмедовтың өтелмеген мерзімі 7 ай 18 күнге қысқартылды.

"Бұдан әрі сотталған адам сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінді. Атырау қаласы сотының 2022 жылғы 26 шілдедегі №2 қаулысымен сотталған адамның өтінішхаты қанағаттандырылды, сотталған адам шартты түрде мерзімінен бұрын бас бостандығын шектеудің қалған мерзімін 7 ай 27 күнді өтеуден босатылды”, – деп толықтырды облыстық сотта.

Ал араға екі жыл салып, бейнебақылау камераларына түсіп қалған аяусыз соққы қазақстандықтарды есеңгіретіп жіберді. Жас жігіт көлігін зақымдаған қарияны салқынқандылықпен соққыға жыққан. Бұл кезде төбелестің көптеген куәгерлері жиналды, бірақ олардың ешқайсысы соққыны тоқтатуға араласпаған. Жәбірленуші 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан кейін ауруханада көз жұмды. Күдікті қамауға алынды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды