«Базаны бұзып кіріп, тапсырды деп белгі қойған»: Жамбыл облысында 35 адам жүргізуші куәлігін емтихансыз алған

21.06.2024, 12:02
1190
«Базаны бұзып кіріп, тапсырды деп белгі қойған»: Жамбыл облысында 35 адам жүргізуші куәлігін емтихансыз алған tengrinews.kz

Жамбыл облысында 35 адамға теориялық және практикалық емтиханды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігі берілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жуалы аудандық сотымен "Жамбыл облысының полиция департаменті" ММ талап арызы бойынша жауапкер А.-ның жүргізуші куәлігін жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай 2023 жылдың қыркүйегінде 35 адамға теориялық және практикалық емтиханды тапсырусыз жүргізуші куәлігі берілгенін анықтады.

Осы факт бойынша белгісіз адам "Халыққа қызмет көрсету орталығының" базасына кіріп, 35 адам “емтихан тапсырды” деп белгі қойған. Сотта жауап алынған жауапкер емтиханды өз бетінше өте алмағанын растады, алайда оны қайта тапсырмағанын, жүргізуші куәлігін150 мың теңге төлеп сатып алғанын растады.

"Жол қозғалысы туралы" заңға сәйкес көлік құралдарын басқару құқығы емтихан тапсырған тұлғаларға беріледі.

Сот шешімімен талап қоюшының талап арызы толығымен қанағаттандырылды, жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды