«Көкіректі кесіп, аяқтан төрт тамыр алып жалғады»: Сәбит Әбдіхалықов денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс айтты

Аиса Махамбет Редактор
21.06.2024, 12:33
1646
«Көкіректі кесіп, аяқтан төрт тамыр алып жалғады»: Сәбит Әбдіхалықов денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс айтты жеке парақшасынан

Сәбит Әбдіхалықов операция жасалғанда бұрынғы әйелдері көмектесті ме, жоқ па, сауалға жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сәбит Әбдіхалықов БазарLike бағдарламасында сұхбат беріп, өмірі мен өнеріндегі соңғы жаңалықты бөлісті. 

“2016 жылы инфаркт алдым. Сол дертпен әлі күресіп келемін. Жүрегіме 4 жылда 5 стент қойдырдым. Инфаркт кезінде 99 пайызға дейін тамыр бітеледі. Инфаркт болғанда қазір жап-жас жігіттер қайтыс болып кетеді ғой. Солар "көкірегі ауырды деп оянбай қалды, жүріп кетті" дейді. Құрметті көрермендер, көкірек тұсы ауыра бастаса, оған мән беріңіздер! Жедел жәрдем күтпей, өздерің-ақ ауруханаға жүгіріңдер! Менің жағдайымда көкіректі кесіп, жүректі демалтып, жуып-тазалап, ішіндегі жаман нәрселерді алып тастап, аяқтан төрт тамыр алып жалғады. Сөйтіп қайта жауып қойды. Құдайға шүкір, қазір күтіну керек. Осы күнге дейін мән бермей, күтінбей жүре беріппін. Бір өлімнен аман қалдым", – деді актер.

Сонымен қатар сатирик жүрегін ауыртатын сұрақтың бірі жеке өміріне қатысы барын айтып, ол тақырыпқа тоқталғысы келмейтінін ескертті.

“Жеке өмірімді талқылағым келмейді. Жеке өмір ол тек менікі. Оны елмен бөлісіп, талқылағанды қаламаймын. Шығармашылық, әдемі өмір жайында сырласуға болады. Жеке өмірім туралы сұрақ басталса, орнымнан тұрамын да, кете беремін. Халық қызықса, қызықсын енді. Әркім өзі біледі. Кейбірі ашып айта береді. Бірақ менің ұстанымым басқа. Мен жеке өмірім туралы айтпаймын, айтқан да емеспін", – деді тамаша тарланы. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды