Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынды

21.06.2024, 20:39
12528
Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынды Sputnik

Тәжіктер ұлттық мәдениетін сақтап қалуға тырысып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға қол қойды. Ол елде «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform жазды. 

Ховар агенттігінің мәліметінше, Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде «Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы», «Баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жауапкершілік туралы», «Тәжік ұлттық университеті туралы», «Тәжікстан ұлттық университеті туралы», «Есептеу көрсеткіштері туралы» заңдар және т.б. бар. 

«Тәжікстан Республикасындағы мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңда басқалармен қатар «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге және сатуға тыйым салынады. Заңды орындамағаны үшін айыппұл қарастырылған. Бұл ретте киімнің қай түрі «ұлттық мәдениетке жат» деп саналатыны нақты көрсетілмеген.

Жаңа редакциядағы заңдар ұлттық мәдениеттің шынайы құндылықтарын қорғауға, мерекелер мен салт-дәстүрлерді өткізу кезінде ырымшылдық пен наным-сенімге, ысырапшылдыққа жол бермеуге, Тәжікстан халқының рухани және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге, сондай-ақ баланың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, баланы адамгершілік, патриоттық мақтаныш, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу рухында оқыту және тәрбиелеуге бағытталған. 

Қол қойылған заңдар баспасөзде жарияланады. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды