Жыныстық жолмен жұғатын инфекция: Алматылық келіншек сәбиінің өліміне перзентхана қызметкерлерін кінәлап отыр (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
22.06.2024, 17:07
635
Жыныстық жолмен жұғатын инфекция: Алматылық келіншек сәбиінің өліміне перзентхана қызметкерлерін кінәлап отыр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматы қаласының тұрғыны Аида Ержанова екі жылдан бері әділдік іздеп жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел перзентхана дәрігерлерінің салғырттығынан шақалағы шетінеп кеткенін айтты. Онымен қоймай жас ана ақ халаттылар ана мен балаға қате диагноз қойған дейді. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро бағдарламасы мәлімдеді.

Аида Ержанқызы екі жыл бұрын жансақтау бөлімінде шетінеген сәбиінің киілмеген киімдері мен ойыншықтарын да сақтап қойған. Құрсақта сап-сау жетіліп, айы-күні толғанда өмірге келген қызының өліміне Аида перзентхана дәрігерлерін кінәлап отыр. 

“Бала тұншығып туылды, яғни ауа жетпегеннен баланың үлкен дәреті, мекониясы шығып кеткен. Сөйтіп бала реанимацияда 18 сағат өмір сүріп көз жұмды. Бала туыла салысымен “балада жатырішілік инфекция болды” деп өтірік өтірік диагноз жазып, аурулар тарихындағы ақпараттарды өзгерткен. Ал негізінде мына вирус жыныстық жолмен жұғатын ауру деп айтты”, – дейді Алматы тұрғыны Аида Ержанқызы. 

Аида дәрігерлердің “сіздегі жыныстық жолмен жұғатын вирус сәбиіңіздің шетінеуіне себеп болуы мүмкін” дегені жанына қатты батқанын айтады. Қызының өлімінен кейін өзі мен жолдасының қанында қауіпті инфекцияның болмағанын дәлелдеп берген екен. Ал денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, осы іске байланысты екі жылдан бері перзентханада екі рет тексеру жұмыстары жүргізіліпті. 

“№5 перзентхана бойынша кемшіліктер табылған. Диагноз қоюға байланысты, ем-дом жүргізуге байланысты, тексеруге байланысты, диагностика жасауға байланысты бірнеше кемшіліктер табылған. Бұл бойынша тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр”,  – деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Дамир Абайдылдаұлы. 

Ал сәбиінен айырылған ана жұмысына салғырттық танытқан ақ халаттыларға қатысты іс бұрмаланбай, әділ өтсе дейді.  

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды