Қозыбаев университетінің археологтары СҚО-да бірегей көне құрылымдарды тапты

23.06.2024, 11:28
1199
Қозыбаев университетінің археологтары СҚО-да бірегей көне құрылымдарды тапты Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Орыннан тұрмыстық заттар, жануарлардың сүйектері, т.б. табылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Kozybayev University ғалымдары қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы, Долматово ауылының маңындағы археологиялық экспедициясының 20-шы далалық маусымы аяқталып жатыр.

1968 жылы археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде 50-ге жуық студент ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазба жұмыстары 36 жылдан кейін жүргізіле бастады. Жыл сайын экспедиция нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын ежелгі адамдардың бірегей қоныстары туралы жаңа тарихи деректер ашылады. Ел аумағындағы сақ кезеңінің Солтүстік қалашығы өзіндік бекініс ретінде қызмет атқарған. Ол биік үшбұрышты мүйістің үстінде орналасқан, екі жағынан өзеннің жартастарымен қоршалған және бекіністермен бөлінген, осылайша алынбайтын бекіністі бейнелейді.

Бастапқыда ғалымдар қазба жұмыстарын қалашықтың өзінде жүргізді. Тұрмыстық заттар, жануарлардың сүйектері, т.б. табылған. Қазір археологтар одан алыс орналасқан құрылымдарды зерттеп жатыр.

«Бірінші құрылымда оның көлемі мен күмбезді қабырғалары өте анық көрінеді. Кірпіштерге қарағанда бұл орта ғасырға жатады. Құрылымның түбіне жету үшін 3 жыл қатарынан қазып жатырмыз. Қазірдің өзінде металл өндірісін айқындайтын қож және нысанның қабырғаларында пайда болған смальтадан ұзақ жандыру процесінің болғанын байқаймыз. Сондай-ақ жақын жерден табылған сиыр мен жылқының қалдықтары етті ыстау процесін қолданғанын көрсетеді. Нысанды металл балқыту және ет ыстау мақсатында пайдаланған сияқты. Өз басым Еуразиялық кеңістікте мұндай құрылымдар табылғанын білмеймін. Бұл ескерткіштің жаңа түрі болмақ. Алда талай жұмыс жүргізетін  боламыз», - деп бөлісті Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков.

Ғылыми зерттеулер Ә.Марғұлан атындағы Археология институты СҚФ және Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайымен бірлесіп жүргізілуде.

Студенттердің  далалық лагерьдегі тәжірибелері 3 аптаға созылады. Бұл олардың ежелгі артефактілермен жұмыс істеудің ерекше тәжірибесі. Мұнда білім алушылардың зерттеу дағдылары қалыптасады. Болашақ тарихшылардан басқа практиканы астрофизиктер де өтеді. Олар жұлдызды аспанды зерттейді, бақылау және деректерді жинау процесін жүргізуді үйренеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді