7211

«Атамның басы-ай»: журналист Асхат Садырбай телеарнаның батыр сұлбасындағы баннерін сынға алды (ФОТО)

Асхат Садырбай телеарна басшылығына талап қойды.

«Атамның басы-ай»: журналист Асхат Садырбай телеарнаның батыр сұлбасындағы баннерін сынға алды (ФОТО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист, продюсер Асхат Садырбай телеарнаның батыр сұлбасындағы баннеріне шүйлікті. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Асхат Садырбай жариялаған фотода ұлт батыры Бауыржан Момышұлының сұлбасы бейнеленген баннер "Еларна" телеарнасының лейблімен жасалған. 

"Мынау енді не мазақ? Халық батырының портретін ғана емес, тұлғасын, есімін қорлау ғой. Бір кездері өзім қызмет еткен телеарнаның осындай нәрсеге жол бергені өте ұят. Телеарнаның рейтингін бұлай көтермейді", - деп жазды Асхат Сабырбай. 

Сонымен қатар тележурналист телеарнаны бұлай дамытпайтынын жеткізді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор