866

Түркістан облысында желіде мектеп директорына жала жапқан әйелге 450 мың теңге айыппұл салынды

Түркістан облысында әйел "Facebook" парақшасында аудандық орта мектептің директоры туралы жалған мәлімет жазғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Түркістан облысында желіде мектеп директорына жала жапқан әйелге 450 мың теңге айыппұл салынды
freepik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйел желіде бұл мектеп директорының сыбайлас жемқорлықпен айналысатынын және бұл қызметте жұмыс істемеуі керек екенін жазған.

Оtyrar.kz порталының мәліметінше, кейін мектеп директоры бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ол өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін әйелді сотқа берді.

"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 465 192 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот құқық бұзушының жүктілігін және жүректен өкінгенін, жәбірленушіден және соттан кешірім сұрағанын ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты", - деді Түлкібас аудандық соты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор