Қазақстандағы орташа зейнетақы — 132 мың теңге

23.06.2024, 18:34
1183
Қазақстандағы орташа зейнетақы — 132 мың теңге Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 1 трлн 61,8 млрд теңге бағытталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 млн 383 мың адам.

 

Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 132 401 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 89 697 теңге, базалық зейнетақы — 42 704 теңге.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарнасы төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады.

Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85%-ын құрайды.

Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарнасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

Алматыдағы Манхэттен тұрғын үй кешенінде бойжеткен 14-қабаттан секіріп кетті «Қазір 200 адам тергеліп жатыр»: секс-құлдықта болған оқушы қыздың анасы мән-жайды ашып айтты Қазгидромет бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады Қазақстанда АЭС салынатын болды «Ақша керек болды»: Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді Қарағандылық келіншек жаңа туған сәбилерін перзентханада екі рет белгісіз ерлі-зайыптыларға сатқан Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қойылатын талаптар күшейтілмек Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион референдумда дауыс берді Астанада ықтимал заңбұзушылықтарды әшкере еткісі келген бақылаушы референдумнан шеттетілді Қазақстандықтардың басым бөлігі қолдаған жағдайда АЭС-ті кімдер салады – Тоқаев жауап берді Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды «Қаһармандар мен халат киген қыз»: Сайлау учаскесіне ерекше киініп келгендер көпті таңғалдырды 95 жастағы Бибігүл Төлегенованың үйіне сайлау жәшігін әкеп берді Референдумда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді Бетон араластырғышқа құлаған: Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы мерт болды Теміртауда тәрбиеші балабақшаға мас күйде балаларға күш көрсеткен (ВИДЕО) Екі жатырлы әйел егіз ұл мен қызды дүниеге әкелді «Аштан өліп барасың ба»: Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген Олимпиада рекордын қойған Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдегер атанды Референдумнан соң үкімет құрамы өзгере ме? Тоқаев жауап берді