Дауысым жуандап қалды: Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы сыр берді

24.06.2024, 11:36
2209
Дауысым жуандап қалды: Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы сыр берді ашық дереккөзден

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова денсаулығы нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Өнер иесінің айтуынша, былтырдан бері бүйрегі мазалап жүрген көрінеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Бүгінгі жағдай... Көрсетілген жәрдемді бөліспесем болмайды. Сіздерге ауадай қажет болуы мүмкін. "Сақтықта қорлық жоқ" екен ғой. Халім күрт нашарлап, сасқалақтап қалдық. 10-ақ минутта келіп, шын жедел жәрдем көрсетіп, медорталықтарына апарып, бүкіл анализді тапсыртып, ем-домымды алып, үйге сап-сау риза қайттым. Көз тигеннен шығар. Дауысым  жуандап, тамағым бітіп қалды", – деді әнші.

Эстрада жұлдызы дер кезінде көмекке келген жекеменшік жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс айтты. 

“Былтыр бүйректен ұстап, 103 жедел жәрдем шақырып, бір жарым сағат күтіп едім. Келіп көмектесудің орнына, отырып асықпай қағаз толтырды. Одан қалса ауруханаға жатқызбасақ болмайды деп, қаланың арғы басындағы ауруханаға апарды. Менің мекен-жайыма қатысы жоқ, дарылдап зорға жүретін көліктерімен апарды. Ол жаққа жетіп алып, 30 минут қағаз толтырды. Ауруханаларының жағдайы нашар. Өзім басқа жерге емделемін деп қолхат жазып, шығып кеттім. Қатты жаныма батқаны сонша, есімде қатты сақталыпты. Сол кезде жекеменшік жедел жәрдем шақыруға болатынын білдім. Бүгін ойламаған жерден шақыруға мәжбүр болдық”, – деп жазды өнер иесі. 

Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады