Қазақстан 2 жылдан кейін сиыр етінің алғашқы партиясын Қытайға экспорттады

25.06.2024, 13:13
1569
Қазақстан 2 жылдан кейін сиыр етінің алғашқы партиясын Қытайға экспорттады canva.com

Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша шектеуді алып тастағаннан кейін «Meat Processing and Service» ЖШС ҚХР-ға 20 тонна сиыр етін экспорттады.

Кәсіпорын Алматы облысында 2009 жылдан бері жұмыс істейді және ІҚМ мен ҰҚМ етін қайта өңдеу мен консервілеуге, бордақылауға және союға маманданған. Компанияда мал басы 1,2 мыңнан асады, бір мезгілде 3 мың бас мал ұстайтын бордақылау базасы бар. Ет өңдеу кәсіпорнының өнімділігі 10 сағатта 200 бас ірі қара, 1000 бас ұсақ мал. Еттің көтерме саудасы Иран, Оман және Бахрейнде жолға қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай Халық Республикасының аусыл ауруына 2020 жылы енгізген уақытша шектеулері 2024 жылдың 7 ақпанында алынып тасталды. Тыйым салуды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапарынан кейін қабылданды. Оның барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өтті.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар келіссөз жүргізді. Ал 2023 жылғы қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен ресми кездесу өткізді.

Қытай тарапы құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіптерге баға берді. Желтоқсан айында ҚХР Мемлекеттік техникалық университеті мен Қытай Ауыл шаруашылығы және Ауыл істері министрлігі сарапшылар тобының Қазақстанға сапары шеңберінде жоғарыда аталған ауруларға жеткілікті бақылауды қамтамасыз ету үшін ветеринарлық қызметтің жұмысына аудит жүргізілді. Соңғы 3 ай ішінде отандық кәсіпорындар экспорттық тауарлар желісін кеңейту, елдің барлық аумағынан кәсіпорындарды экспорттауға жіберу, Қытай импорттаушыларының тізіліміне енгізу бойынша ветеринарлық талаптарды келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізді.

ҚР АШМ ҚХР-дағы қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар тізімін кеңейтуді жалғастырып жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды