Палестиналық шаштараз соғыс жағдайында да жұмысын тоқтатпады

25.06.2024, 17:36
697
Палестиналық шаштараз соғыс жағдайында да жұмысын тоқтатпады Euronews.com

26 жастағы Абдулла Тауфик Рамадан Газа секторындағы Әл-Бурейдж босқындар лагерінде шаштараз ашты.

Израильдің Палестина анклавына қарсы шабуылы кезінде шаштараз ғимаратына снаряд тиді. Салдарынан бір қабырғасы опырылып қалса да, ол қазір ашық аспан астында, үйіндімен көмкерілген ойпатта адамдарға қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр, деп жазады Euronews.

Газаның денсаулық сақтау министрлігі өзінің соңғы есебінде 7 қазаннан бері анклавта 37 551-ден астам адамның қаза тапқанын, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар екенін хабарлады.

Тағы 86 мың адам жарақат алды.

Израильдің Газа секторына әскери шабуылы палестиналық Хамас тобының 2023 жылдың 7 қазанында Израильдің оңтүстігіне жасаған бұрын-соңды болмаған шабуылына жауап болды.

Израиль билігінің мәліметінше, 1200-ге жуық адам қаза тауып, 240 адам кепілге алынған. Олардың 100-ден астамы уақытша атысты тоқтату келісімі аясында, сондай-ақ Израиль күштері Газадағы рейдтер арқылы қайтарылды. Сондай-ақ тұтқындардың бірнеше мәйіті табылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды