Алматыда саябақтағы аттракционнан құлаған әйелге қатысты прокурорлар іс қозғады
Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені туралы жазған едік. Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы түсінік берді.
«Қыздың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта деректі тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.