СҚО-да биыл 670 шақырым жол жөнделеді

25.06.2024, 20:05
522
СҚО-да биыл 670 шақырым жол жөнделеді СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 670 км жол жөнделмек, бұл – облыстық, аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдар.

 

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдік отырысы өтіп, өңірдегі жолдарды жөнге келтіру мәселесі қаралды. Мемлекет басшысының нормативті жағдайдағы автожолдардың үлесін 95% жеткізу тапсырмасын орындау мақсатында облыста кешенді шаралар қолға алынған.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл тас жолындағы Салқынкөл ауылы маңындағы көпір құрылысы жүріп жатыр, Андреевка-Бостандық, Покровка-Ильинка-Мектеп, Дәуіт-Ленинградское ауылдары арасындағы жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Саумалкөл мен Новоишимское ауылдары арасында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ленинградское-Алқатерек және Григорьевка-Токуши жолдарын жөндеу аяқталған.

Сондай-ақ ұзындығы 95 шақырымды құрайтын 8 жаңа жобаны жүзеге асыру басталды, ол: Имантау ауылындағы көпірді күрделі жөндеу, Смирново-Қиялы, Горьковское-Восходское, Покровка-Горное, Қарақоға-Надежка, Меңкесер-Раздольное, Кривощеково-Садовка жолдарын күрделі жөндеу, Новомихайловка-Бостандық жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары.

келтірілмек. Дәуіт пен Талшық ауылдары арасындағы және Кішкенекөл ауылына баратын жолды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақмола облысының шекарасынан бастап Бескөл ауылына дейінгі 7 учаскеде Жезқазқан-Петропавл республикалық жолын орташа жөндеу жалғасқан. Мамлютка-Қостанай республикалық тас жолы да жаңартылады, мұнда 10 учаске жөнделмек.

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне барлық процедураларды жеделдетіп, жөндеу жұмыстарын дер кезінде жүргізуді, жолдарды жөндеу сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ облыс әкімі жұртшылықты жол жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап, жіберілген барлық кемшіліктерді есепке алуға шақырды.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды