«Мені енді тоқтата алмайсың!»: Әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады

26.06.2024, 10:17
2450
«Мені енді тоқтата алмайсың!»: Әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады ernur.kz

Ернар Айдар «Қазақстан» арнасындағы «1001 түн» бағдарламасына сұхбат бере отырып, өзін сахнға жетелеп шығарған алғашқы адамы деп ағасы Талғат Айдарды атап көрсетті.

Танымал әнші Ернар Айдарды әріптесі Қарлығаш Сұлтанша өтірікші деп айыптап отыр. Айтуынша, Ернар Айдар алғашқы ұстазы, сазгер Қуаныш Құрманбаевтың еңбегін жоққа шығарған. Бұл туралы ernur.kz жазды.

Ернар Айдар «Қазақстан» арнасындағы «1001 түн» бағдарламасына сұхбат бере отырып, өзін сахнға жетелеп шығарған алғашқы адамы деп ағасы Талғат Айдарды атап көрсетті. 

«Мені сахнаға жетелеп алып шыққан әуелі Алла, сосын осы Талғат ағам. Ағаммен жұмыс істеген кезде тоқтамай ән жаздық. Кейін ол кісі өзінің жеке кәсібімен кетті де, «Ары қарай өзің жұмыс істеп көр. Бәрін біліп, үйреніп алдың» деп мені бөлек жіберді. Содан кейін кішкене саябырсып қалдық. Қасымдағы жігіттер де «Ән жазбай қойдың ғой» деп айтты. Кейін ағаммен қайта бірлесе жұмыс бастап, «Шүкір» әнін жазып шықтық», - деді ол. 

Әншінің бұл сөзіне Қуаныш Құрманбаевтың жары Қарлығаш Сұлтанша ренішін білдірді. 

«Мен негізі әділетсіздікке шыдай алмаймын. Осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ бұлай ұстазыңның еңбегін жеме, Ернар! Продюсерім деп жүрген ағаң қасыңнан неге кетті?! Оны мен білемін. Осыншама өтірік айтудан шаршамадың ба? Енді мені тоқтата алмайсың», - деп жазды Қарлығаш әнші. 

Айта кетейік, Ернар Айдардың өнерге қадам басуына Бауыржан Есебаев пен Қуаныш Құрманбаев үлес қосқан көрінеді. Алайда әнші танымал болған соң көбіне Бауыржан Есебаевтың атын атап, Қуаныш сазгер тасада қалып қойған. Бұл туралы Қуаныш Құрманбаев «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат бергенде айтқан болатын.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады