Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін

27.06.2024, 15:05
5416
Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін ria.ru

Көлік иелерін күттірген сауалға жауап келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев тонировкаға қатысты заңға өзгеріс ене ме, жоқ па, сауалға жауап берді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, әлі нақты шешім шықпаған. Сенат кулуарында журналистер Қожаевтан “көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат беріле ме?” деп сұраған.

 

– Иә, тонировкаға рұқсат беру мәселесі бұрыннан бері көтеріліп келеді. Қазір ІІМ оған салынған тыйым тарихын зерттеп жатыр. Мәселені депутаттар да көтерген, – дейді ол.

Қожаев кеден одағының регламентінде тоноровка мәселесі жазылғанын, оған шектеу жүргізуші, жолаушыны тануға кедергі келтіргені үшін қойылғанын айтады. 

– Бұл қаншалықты мүмкін? Әлде қаншалықты зиян? Зерттелу үстінде. Жақын арада біз сарапшылық қорытындымызды береміз, – дейді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2010 жылы автокөліктің алдыңғы әйнектерін бояп, тонировка жапсыруға тыйым салынған. Қазір тонировканы алдыңғы әйнекке заңсыз жапсырып алғандар әкімшілік кодекстің 461-бабы 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Егер заңға өзгерістер енгізілетін болса, жүргізушілер көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылата алады.

«Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды