Әблязов пен БТА банкіндегі ұрлық: Трамптың экс-серіктесі Қазақстанға $32 млн төлеуге міндеттелді

27.06.2024, 17:42
971
Әблязов пен БТА банкіндегі ұрлық: Трамптың экс-серіктесі Қазақстанға $32 млн төлеуге міндеттелді ulysmedia.kz

Сэтер, Храпунов және Аблязов өз кінәсін мойындамады. Трамптың бұрынғы серіктесі шағымдануға ниетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ аудандық сотының қазылар алқасы БТА банкіндегі ұрлық ісі бойынша шешім шығарды. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Арызданушылар БТА банкі мен Алматы әкімдігі - АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сэтер бизнесмен Ілияс Храпуновқа және оның қайын атасы, қаржы ұйымының бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовқа БТА Банкінен 6 миллиард долларды шығаруға көмектесті деп мәлімдеді. 

 

Ақшаның бір бөлігін Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов мемлекеттік бюджеттен ұрлап әкеткені де хабарланды.

Bloomberg мәліметтері бойынша, Сэтер Храпуновқа халықаралық санкциялардан жалтаруға көмектесті және сол үшін одан миллиондаған ақша алған. Бұл Нью-Йорктегі Trump SoHo tower және Огайо штатындағы сауда орталығына қатысты мәміле. 

Іс материалдарында Сэттер Храпуновпен Trump Tower-де кездесіп, ұрланған ақшаны жылыстатуды талқылап, АҚШ-тың экс-Президентімен ықтимал инвестициялау үшін кездесулер ұйымдастырғаны айтылған.

БТА Банкі мен Алматы әкімдігі "Трамптың айыптауларын шектеу” үшін көп күш жұмсады.

Сэтер, Храпунов және Аблязов өз кінәсін мойындамады. Трамптың бұрынғы серіктесі шағымдануға ниетті.

Трамптың бұл іске қатысы жоқ, бірақ сот процесі оның президенттік науқанына тағы да назар аударып, 2016 жылғы сайлауға дейін Ресеймен байланысын еске алды. 

Қазақстанда Әблязов қылмыстық қоғамдастық құрғаны және "БТА Банкінен" $7,5 млрд-тан асатын қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-банкир елде экстремистік ұйым мойындаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" тіркелмеген қозғалысының көшбасшысы. 

Биыл 19 наурызда Алматыдағы сот ескіру мерзіміне байланысты Әблязовтың ағасы Нұрғазин Қуанышты "БТА банкінде" ұрлық туралы іс бойынша жазадан босату туралы үкім шығарды. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды