873

Air Astana Қазақстанда обыр аурын бастапқы деңгейінде анықтауға үлес қосып келеді

Air Astana арнайы контейнерде аса маңызды дәрі-дәрмек тасып келеді.

Air Astana Қазақстанда обыр аурын бастапқы деңгейінде анықтауға үлес қосып келеді
AirAstana

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елімізде ядролық медицинаны дамытудың жол картасын жүзеге асыру мақсатында радиофарм дәрі-дәрмектерді (РФД) тасымалдауға кірісті. Аталған дәрі-дәрмектер онкологиялық ауруларды бастапқы деңгейде анықтап, ем-домның тиімділігін бағалау үшін қажет.

Дәрі-дәрмектерді зақымдамай жеткізу үшін әуекомпания арнайы лицензия алу, қызметкерлерду оқыту, тасымалдау жұмысын дайындау мен бақылауға қажет құрылғыларды сатып алу сияқты үлкен дайындық жұмысын жүргізді. 

Тасымалданатын алғашқы дәрі - фтордезоксиглюкоза - 18F. Оны ішкі рейстерде жүк бөлігінде халықаралық және ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сай арнайы контейнерде жеткіземіз. 

Әлеуметтік жобаны қолдау қаншалықты тиімді екенін де дәлелдеп үлгерді. РФД-ны ұшақпен тасымалдау қауіпті дертті ерте анықтап, науқастардың айығуына үлес қосады деп сенеміз. РФД тасымалы жолаушылар мен жүкке ешқандай қауіп төндірмейді.

Материал авторы