«Қазақстан – Қытай» форумында $629 млн-ға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

27.06.2024, 19:35
791
«Қазақстан – Қытай» форумында $629 млн-ға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Үрімшіде «Экспо Қытай – Еуразия» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 26 маусымда Үрімші қаласында (ШҰАА, ҚХР) өткен «Қазақстан – Қытай» III аймақаралық форумына қатысты. Іс-шарада $629 млн-ға ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойылды.

Осы ірі диалог алаңында Қазақстан мен Қытай өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, көлік, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Форумға Қазақстанның 17 облысының, ірі компаниялары мен іскер топтарының және ҚХР-дың 27 өңірінің өкілдері қатысты.

Серік Жұманғарин іс-шараның ашылуында Қытай Қазақстанға инвестиция салу көлемі бойынша төртінші орында тұрғанын айтты.

«Қазақстан мен Қытай арасында қарқынды аймақаралық өзара іс-қимыл жасауға барлық жағдай жасалған. Сонымен бірге инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері үшін үлкен әлеует бар», — деді вице-премьер.

Форум аясында $629,1 млн-ға 17 құжатқа қол қойылды. Олардың ішіндегі ең ірілері: Алматы облысы мен «TBEA» ААҚ арасында 10 қосалқы станса мен электр жеткізу желілерін салу және жаңарту, электр жабдықтарын өндіру зауытын салу туралы келісімдер, күнбағыс майын жеткізу бойынша үш келісімшарт, «Qazaq Camel» ЖШС мен Xinjang Huaken Dairy Group Co ltd арасында құрғақ түйе сүтін жеткізу туралы келісімшарттар және басқалары бар.

Сол күні Үрімшіде «Экспо Қытай – Еуразия» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл нарыққа бағытталған сегізінші кәсіби бренд көрмесі. Оның ашылуына Өзбекстан мен Қырғызстан үкіметтерінің басшылары, Қазақстан мен Тәжікстан Премьер-Министрлерінің орынбасарлары қатысты.

Серік Жұманғарин көрменің ашылуындағы алғы сөзінде Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың «алтын 30 жылдығының» жаңа парағы жаңа амбициялық мақсаттар қойып отырғанын атап өтті. Олардың бірі – өзара тауар айналымын $100 млрд дейін жеткізу.

260 шаршы метрлік қазақстандық павильон «ЭКСПО Қытай – Еуразия» көрмесінде қонақтар павильондары арасындағы ең ірісі болды. Мұнда 42 отандық компанияның экспорттық тауарлары орналастырылған. Біздің еліміз негізінен азық-түлік өнімдерін ұсынды. Қазақстандық павильонның ұйымдастырушысы Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы болды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады