«Әйел бәріне көну керек...»: Алтынай Жорабаеваның жазбасы оқырманды ойландырып қойды

28.06.2024, 09:07
2021
«Әйел бәріне көну керек...»: Алтынай Жорабаеваның жазбасы оқырманды ойландырып қойды altynaizhorabayeva

Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер жайлы сөз қозғады.

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында әйелге көп жауапкершілік артылатынына наразылық білдірді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер жайлы сөз қозғады. Ол қыз бен ұлды бөліп-жармай, жастайынан еңбекке баулып тәрбиелеу керек деп есептейді. 

"Неге? "Қыз сыны" Неге? "Жігіт сұлтаны? Әу бастан, қыз баласын сынға алып, бәрін әйел адамнан талап ету, бүкіл жауапкершілікті әйел адамға артып қоюды қанға сіңіріп, ойға түйіп тастаған сияқты ма, қалай өзі? Қыз нәзік, қыздың жолы жіңішке, қызға қырық үйден тыйым дейді де, қыздың қырық жаны бар деп қоятынымыз қалай? Былай қарасаң, нәзік, әлсіз деген сияқты айтып келіп, бірақ сол "әлсіз жаратылысқа" үстемдік жасап, әлсізге әлімжеттік көрсетіп, бірақ қайтадан бүкіл үйдің тірлігін, бүкіл жауапкершілікті, яғни күйеуі ішіп кетсе, құмар ойын ойнап кетсе, ішіп келіп ұрса, жүріс жүрсе, әйел үнін шығармай, көніп, бала-шағаны бағып, үйдің шаруасын жасап жүруді талап етуді қалай түсінуге болады? Нағыз ер-азаматты сыйламайтын, тапқан табысының берекесін қашырып отыратын әйелдер де бар! Мынау еркектің, мынау әйелдің жұмысы деп бөлмей, кішкентайынан ұлды да, қызды да үй шаруасына, дала шаруасына баулып тәрбиелегенде, әйел еріне, ері әйеліне көмектесіп, түсіністікпен өмір сүріп, берекелі отбасы болады деп ойлаймын. Менің оқырмандарымның ойы қалай екен?" - деп жазды әнші.

Қарағандыда өгей әке-шешесі азаптаған екі жасар баланың шашы ағарып кеткен LRT ақшасын жымқырды деген күдікті Талғат Ардан әлі Түркияда екені белгілі болды Депутат киік мүйізін сақтап, сатқан адамдардың жазасы жеңілдеуі мүмкін екенін айтты Атырауда блогер мен оның досы 33 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін сотталды Қатаң протекционизм кезеңіндегі Қазақстан мұнайы Ауғанстан мен Қазақстан: Орталық азия қауіпсіздігі Көбейген сайын құнсызданған мұнай мұңы Олигархтардан қайтарылған ақшаға ауылдарда медициналық орталықтар ашылды Қазақстанда 5 миллиард теңгені жымқырған алаяқ Черногорияда қолға түсті Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО) Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО) «Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО) Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді Ақмола тұрғынын әйелі құтқарып қалды Атышулы судьяның өлімі: Айгүл Сайлыбаеваны енесі өлтірді деген күдікке ілінді 5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді Алматыда зейнеткерлерді тақырға отырғызған тұрғын ұсталды