Олжас Бектенов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

28.06.2024, 14:51
618
Олжас Бектенов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады.

 

«Құрметті БАҚ қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдары еліміздегі игілікті істердің жаршысы, әділетті қоғамның айнасы ретінде шынайы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Журналистика — орасан зор жауапкершілікті, ерен еңбекті және отаншылдық рух сияқты ұлы қасиетті қажет ететін бірегей кәсіп. Бұл орайда қазақстандық журналистер қауымы елдігімізді нығайту, ұлттық мүддені қорғау жолында өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келе жатқанын ерекше ықыласпен атап өтемін. Мемлекеттік деңгейдегі кез келген мәселеде қоғам Сіздердің тараптарыңыздан азаматтық жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті айқын сезініп келеді.

Ақпарат дәуірінде идеология майданының алғы шебінде жүрген қуатты да бәсекеге қабілетті отандық медианың орны қашанда көш ілгері болатынына сенімдімін.

Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жаңа шығармашылық шабыт тілеймін!», - деп жазылған құттықтауында. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді