Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды

28.06.2024, 15:26
1756
Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды ашық дереккөз

Ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан Қабатовқа қатысты шешімді Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан.

– Сотта ол стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. Куә (аға стюардесса) құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған. Құқық бұзушының кінәсі куәнің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталады, – делінген соттың хабарламасында.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген. Сот жасалған іс-әрекеттің көлемі мен сипатын, қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды сыйламаушылықты көрсетуге бағытталған, лайықсыз мінез-құлықпен көрінетін құқыққа қарсы мінез-құлықтың жалғасуын ескере отырып жаза тағайындады. Айыпталушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды - 5 тәулікке қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды