Көпшілікке «Қойшы бала» атымен танылған Жігер Ауыпбаевтың шәкірті Айдос Кәден өнерден кететінін айтты. Бұл туралы ол өзінің ТiкTok парақшасында жазды.
«Қойшы бала» ұстазы Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін жазды.
Қойшы бала өзінің ТiкTok парақшасына:
«Бұйырса, ағайын, өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қатем – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер», – деп жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Жігермен ара-қатынасының дұрысталуын тілеп жатыр.
Қазір жас әншінің продюсері Жігер Ауыпбаев емес.