979

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында үшінші орын алды

Иордания астанасы Амман қаласында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында үшінші орын алды
National Olympic Committee of Kazakhstan
 

Құрлықтық додада қазақстандық балуандар сегіз медаль алды. Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (110 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал Бекасыл Асамбек (60 келі) күміс медаль алды.

Сондай-ақ Бекзат Амангелді (45 келі). Ибрахим Ысқақбек (51 келі), Ералы Әскербек (55 келі), Бақдәулет Әкімжан (65 келі), Әмір Оразбаев (71 келі) және Бейбарыс Ерғали (80 келі) қола жүлдегер атанды.

«Негізі үш алтын алатын шамамыз бар еді. 60, 71 және 80 келідегі балуандардың финалға шығатын шамасы болды. Өздері қате жіберіп, жеңіліп қалды. Қателіктерді көрдік, енді сол кемшіліктерді әлем чемпионатына дейін реттеуге тырысамыз», - деді Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Дәулет Ниязбеков.