SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда полицияның бірнеше қызметкерінің ер адамды ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.
Желіге тараған видеода бірнеше полицейдің бір жігітті сабап жатқан видеосы тараған. Тәртіп сақтауға жауапты қызметкерлер ұсталған адамға құқыққа қайшы әрекет жасап, жұдырығымен ұрып, аяғымен теуіп жатқаны көрінеді.
Бейнежазба 112 Ақтау инстаграм парақшасында жарияланған. ІІМ-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ агентігі полиция қызметкерлерінің әрекеті тексеріліп жатқанын хабарлайды.