Алматыда "Алтын Орда" маңында мопедші әйел адамды қағып кетті: екеуі де қаза тапты (ВИДЕО)

30.06.2024, 14:30
1627
Алматыда "Алтын Орда" маңында мопедші әйел адамды қағып кетті: екеуі де қаза тапты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қылмыстық іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін түнде Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының екі қатысушысы да оқиға орнында көз жұмды. Бұл жөнінде қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында оқиға орнынан видео жарияланды. Кадрлардан жолда тұрған жедел жәрдем көлігі мен жерде жатқан адамды қоршап тұрған топ адамды көруге болады.

Жазба авторларының мәліметінше, апат "Алтын Орда" базарының маңында болған. 

Алматы полиция департаменті жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында болғанын хабарлады. 

"Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған ер адам Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастар шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада. 

Ведомство өкілдері бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады