Maqsut Narikbayev University білім ордасын биыл жеті жүзге жуық студент бітіріп шықты

30.06.2024, 15:15
828
Maqsut Narikbayev University білім ордасын биыл жеті жүзге жуық студент бітіріп шықты MNU

29 маусым Maqsut Narikbayev University түлектер бітіру кеші өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, маусымның 29 күні Maqsut Narikbayev University 2024 жылғы түлектерінің бітіру кеші өтті.

Жалпы, осы жылы оқуды 694 студент тәмамдады, ал оның 39-ы – шетелдік студент. Биыл MNU студенттері QAA арқылы аккредиттелген, яғни Ұлыбританияның жоғары білім беру сапасының стандарттарына сәйкес келетін дипломдарын қолдарына алды.

Мереке дәстүрлі түрде университеттің орталық Фемида алаңында өтті. MNU Провосты Сергей Пен бірінші кезекте сөз алып, түлектерді университетті аяқтауымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Бүгін әрбіріңіздің жаһанды жақсартуға атсалыса алатындығыңызға кепіл болатын дипломдарыңызды қолдарыңызға аласыздар. Қазіргі таңда әлем тұрғындарының саны 8 миллиард болса, сіздер солардың ішіндегі – 694 жүйрігісіздер. Себебі сіздер – MNU түлектерісіздер. Біз баршаңызға сенім артып отырмыз, ал жетістіктеріңіз жақындарыңызға, біздің университетке мақтаныш болатыны анық. Өмірлік және кәсіби жолда даналық пен абырой биігіне көтеріліңіздер», - деді Сергей Пен.

Сондай-ақ MNU студенттері бар ықыласпен Отан үшін еңбектенуге, патриотизм, адалдық пен әділдікті алға тартуға ант берді. Дәстүр бойынша Фемида мүсінінің жанындағы Орталық алаңға «жұлдыз» қойылып, бұл түлектер буыны университет тарихына мәңгілікке енді.

Іс-шара барысында арнайы қонақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров, сөз сөйледі.

«Сіздер үздік университеттің шәкіртісіздер! Егер сіз өз ортаңыздың ең ақылдысы болып көрінсеңіз, демек, қоршаған қауымыңызды өзгертуіңіз керек. Әрдайым өзіңізден әлдеқайда ақылды, тәжірибелі адамдармен сөйлесіңіз. Баршаңызға бақыт тілеймін. Бұл жаһан қанша кең көрінгенімен, сіздер алар асу алда!»,- деді Мәжіліс депутаты.

Салтанатты шараның хедлайнері ретінде белгілі қазақстандық әртіс Дастан Оразбеков сахна төрінде ән шырқады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды